Әлеуметтік желіде танылып келе жатқан блогер, ментор Динара Абдоллақызы тоқал болғысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алайда ол мұндай қадамға баруға анасы рұқсат етпей жатқанын айтты.
“Мен тоқал болғым келеді. Неге десеңіз, жауапкершілігі аздау болады. Яғни, мысалы, ресми күйеуге шықсаң азанда ерте тұрып, сәлем саласың, азанғы 6-дан тұрып тамақ бересің. Күйеуіңнің, енеңнің жағдайын жасайсың. Маған ондай мүлдем ұнамайды. Өзімді қатты жақсы көргенім соншалық, азанда ұйқымды қандырып тұрамын”, дейді блогер.
Сол себепті блогер келіндік өмірдің осындай “ауыртпалықтарынан” қашып, тоқал болудың артықшылықтарын айтқан.
“Бала күтушің болады. Таңғы асты дәмханаға барып ішесің. Түскі асты да, кешкі асты да дамханадан ішіп келесің. Бірақ анам қарсы”, дейді ол.