Қазақстанға Путин келе жатыр

Сырым Қаржас

27 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

https:/images.cnscdn.com

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді, сондай-ақ мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумының бейнеконференциясына қатысады.

28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді, онда қатысушы елдердің делегациялары өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжаттар қабылданады.

ПУТИННІҢ САПАРЫ  

Бұған дейін Сергей Лавров қазақстандық СІМ басшысы Мұрат Нұртілеумен кездесуде президент Путиннің сапарының дайындығы туралы айтып, 27 қараша күнін оның келетінін растаған еді. 

Айта кетейік, Ресей мен Қазақстан президенттерінің жеке кездесуі туралы ақпарат елдер арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның хаттамасында пайда болған.