Израиль тарапы Ливандағы «Хезболла» ұйымымен қақтығысты уақытша тоқтатуға келісті. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху теледидар арқылы жолдаған үндеуінде тек қарсы тарап өз міндеттемелерін орындаған жағдайда ғана бітімге келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Израиль билігі Ливанда орналасқан "Хезболла" радикалды тобымен атысты тоқтату туралы келісімді мақұлдады. Тараптарға екі айлық бітімгершілік жоспарының жобасын америкалық медиаторлар ұсынған.
Бақылаушылар премьер-министр Беньямин Нетаньяху бұл нұсқаны тиімді деп санап, Израильдің әскери-саяси кабинетіне рұқсат беруді ұсынды. Келісім процесі әлемдік қауымдастықтың назарында болды: яғни израильдіктерді ЕО да, G7 елдері де бітімге келуге шақырды.
Жоспар екі жақтан да 60 күндік атысты тоқтатуды көздеп отыр. Израиль Ливанның оңтүстігінен өз әскерін шығарып, шекаралық аймақтарды бақылауды Ливан үкіметінің әскеріне тапсыруы керек, ал «Хезболла» Литани өзенінің солтүстігіндегі ауыр соғыс қаруларын алып кетуі тиіс.