Әскери бөлімдерге Момышұлы, Қайсенов, Мәмраев және Есет батырдың есімі берілді

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің төрт әскери бөліміне Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Мартбек Мәмраев және Есет батырдың есімдері берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж

Үкімет қаулысында министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде: реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 3-1-жолдар төмендегідей редакцияда жазылсын делінген.

  • “1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • 2. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • 3. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Мартбек Мәмраев атындағы 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • 3-1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі” деп келтіреді қаулыны КазТАГ агенттігі.

Қосымша өзгерістер:

Төтенше жағдайлар министрлігінің функцияларына жаңа тармақтар енгізілді:

  • 189-2): Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен белгіленген тәртіп пен мерзімде петицияларды қарау.
  • 189-3): Цифрлық трансформацияны жүзеге асыру.

Үкімет қаулысы күшіне енді.