Қазақстанда Путин айтқан орыс мектептері қай елдің ақшасына салынады

Ғалиасқар Думан

Осындай сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қойды.

Коллаж Ulysmedia.kz

Тілші мен министр арасында кулуардағы қысқа әңгіме төмендегідей өрбіді:

– Ресей президенті Путиннің келуіне байланысты қазақ облыстарда орыс мектептерін ашу мәселесі тағы айталып жатыр. Сұраныс жоқ жерде орыс мектептерін ашудың қажеті қанша? Бұл мектептер кімнің қаражатына салынады.

– Бұл жоба екі жақты келісімнің негізінде… Ресей өңірінде қазақ қоғамы шоғырланған жерлерде қазақ мектебін ашу туралы қазір келіссөздер жүріп жатыр. Соның шеңберінде Қазақстанда орыстілді үш мектеп, Ресейде қазақ тілді үш мектеп ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бағыттағы бағдарламаны өзіміздің мемлекеттік стандарт шеңберінде жүргізу бойынша келіссөзде айтылып жатыр. Ал мектептер Ресей тарапыны қаражатына соғылады

– Әлеуметтік желіде Астраханьның қазақтары Ресейде қазақ мектептерін ашуды сұрағанын көргенмін. Сіздер ондай қажеттілік барын білесіздер ме?

– Қазір сол пысықталып жатыр. Үш өңір таңдалып отыр. Біреуі Астарахань өңірі, ұмытпасам, екіншісі Орынбор болуы керек, үшішісін ақты есімді жоқ, Томск па, болады. Қазақ диаспорасы шоғырланған елдімекендерде қазақ мектептерін ашу пысықталып жатыр.

ПУТИН МӘЛІМДЕМЕСІ

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекетттік сапары қарсаңында елдегі басылымдардың біріне мақала жариялап, қазағы қалың үш облысқа орыс мектептері салынатынын тағы еске салған.

“Ресей Қазақстанда орыс тіліндегі жаңа мектептерді салуға және мектептердегі орыс тіліндегі білім беру сапасын арттыруға қолдау көрсетуде. Жақында Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында тағы үш мектептің ашылады деп отырмыз” деді ол “Казахстанская правда” газетіне жариялаған мақаласында.

ПУТИННІҢ САПАРЫ

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. 

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді, сондай-ақ мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумының бейнеконференциясына қатысады.

28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді, онда қатысушы елдердің делегациялары өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжаттар қабылданады.