Путин Тоқаевқа орыс тілін дамыту қорын құруға атсалысқаны үшін алғыс айтты

Қалижан Бектемір

Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілін дамыту қорын құруға атсалысқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ақорда

АСТАНАДА МГИМО ФИЛИАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАЙДЫ

Ресей жоғары оқу орындарында 60 мыңға жуық қазақстандық студент оқиды. Қазақстанда көптеген жетекші ресейлік университеттердің, соның ішінде Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалдары ұзақ әрі табысты жұмыс істеп келеді. Ал бүгін Қостанай қаласындағы Челябі мемлекеттік университеті филиалын ұйымдастыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Жақын арада Астанада МГИМО филиалы да жұмыс істей бастайды. Айтпақшы, МГИМО-ға биыл 80 жыл толып отыр. Қыркүйек айында Астанада осы мерейтойға арналған ірі халықаралық конференция өтті. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы сөз сөйледі. Оның осы жоғары оқу орнын бітіргені белгілі, — деді Владимир Путин бірлескен брифингте.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда Путин айтқан орыс мектептері қай елдің ақшасына салынады

Сондай-ақ ол Қазақстан басшылығы орыс тілін дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын, қолдайтынын көріп отырғанын атап өтті.

ПУТИН ТОҚАЕВҚА РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

Қазақстан Президентіне орыс тілі дамытуға арналған халықаралық ұйым құру туралы бастама көтергені үшін ризамын, – деді Ресей президенті.

Владимир Путин Ресейдің Қазақстанда орыс тілді мектептер салып, жалпы орыс тіліндегі білімнің сапасын арттыруға көмектесетінін атап өтті.

Жақын арада Қазақстанда осындай үш мектепті ашуды жоспарлап отырмыз, – деді В.Путин.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келгенін, алайда бірнеше сағат кешігіп келгендіктен бір апта дайындалған авиашоуды тамашалай алмағанын жазған едік.