Қазақстан мақтана алатын санаулы жетістіктің бірі: БҰҰ елді ондыққа кіргізді

Ғалиасқар Думан

БҰҰ мәліметі бойынша Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарына кірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia/ЖИ

2024 жылғы рейтингтің басында Оңтүстік Корея тұр. Ол ең жоғары балл жинаған. Ал тізімнің соңында Эритрея ең төменгі көрсеткішпен орналасты, деп жазады energyprom.kz порталы.

Қазақстан ондықты түйіндеп тұр. Оның алдында технологиялық жетістіктерімен танымал Жапония жайғасқан.

Салыстыру үшін ТМД мен Орталық Азия елдері арасында ең жақын нетиже Арменияда, ол 53-орынға тұрақтады. Ресей 56-орында, Өзбекстан – 59-орында, Қырғызстан – 89-орында, ал Түрікменстан 172-орынмен аутсайдерлер қатарында қалды.

Қызметтерді цифрландырудың тиімділігін көрсететін жақсы мысалдардың бірі – табиғи монополия субъектілерін инженер желілерге қосуға арналған техникалық карттарды автоматизациялау үрдісі. Бұл жобаны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне қарасты табиғи монополияларды реттеу комитетә Өнеркәсіп жәнее құрылыс министрлігімен бірлесіп жүзеге асырған.