Тұман, жел және үсік: Қазақстанда 30 қазанда ауа райы қандай болады

ЖИ/ Ulysmedia

Синоптиктер Қазақстанда 30 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жұма, 30 қазанда, еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, солтүстігінде, шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Елдің бірқатар өңірінде жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Күндіз солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 0…+5 градустан +5…+10 градусқа дейін құбылады.

Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +17…+22 градусқа дейін көтеріледі.