Ақтөбе облысында жөнделіп жатқан жол жұмыс аяқталмай жатып жарамсыз болып қалды

Қалижан Бектемір

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысындағы жол құрылысы барысында елеулі кемшіліктер анықталғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedi.kz.

фото: egemen.kz

БЮДЖЕТТЕН 600 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылы облыстағы "Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка" жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізу үшін бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген. 

Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалды. Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды. Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған. Сонымен қатар келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген, – делінген хабарламада.

АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ

Агенттік талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарағанын, ал жарамсыз деп танылған жолды қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілгенін мәлімдеді.