Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы 112-ге ақпарат түскен жоқ.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР МА?
№54 бағыттағы автобустың жануы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақырту орнына сағат 18:54-те келіп жетті. Автобустың ашық отпен қозғалтқышы жанды. Өрт сағат 18:56-да оқшауланды. Сағат 19:04-те өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, - деді.
Алмалы аудандық соты продюсер Әнел Сартаеваға үкім шығарды. Ол биыл жазда көлігімен келе жатып, жол белгісін елемей, автобуспен соқтығысып, кісі өліміне себеп болған.