Франция Қазақстанға атом электр станциясын салуға дайын екенін мәлімдеді

Ғалиасқар Думан

Француз тарапы Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

Коллаж Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Өндірілетін электр энергиясының шамамен 70%-ын атом энергиясы алатын Франция бұл салада әлемдік көшбасшы болып саналады.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Франция болып, Францияның атом саласындағы жетекші ұйымдарымен, соның ішінде ірі энергия өндіруші компаниямен және EDF атом электр станцияларының операторымен, Framatome атом электр станцияларына арналған жабдықтарды әзірлеуші және өндіруші, сондай-ақ Arabelle Solutions атом электр станцияларына арналған турбиналық жабдықтарды жеткізушімен келіссөздер жүргізгіні хабарланды.

“Француз тарапы Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Өндірілетін электр энергиясының шамамен 70%-ын атом энергиясы алатын Франция бұл салада әлемдік көшбасшы болып табылады” делінген хабарламада.

Француздық EDF компаниясы Қазақстан үшін ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің қысқаша тізіміне енген.

АЭС РЕФЕРЕНДУМЫ

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтті. Оған сай, жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы бастаманы қолдаған.

ҮКІМЕТ ШОРТ-ЛИСІ

Үкімет АЭС салу мәселесінде 4 ел – Корея, Ресей, Қытай, Франция елдерінің технологияларын зерделеп жатқанын хабарлаған.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Референдумда дауыс берген кезінде ел президенті "АЭС-ті қай ел салады" деген сұраққа үкімет мәселе бойынша нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өткен.

Үкімет АЭС салынатын орын ретінде Алматы облысы Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылын белгілеп отыр