Сирияның үкіметтік мекемелері билікке жаңа басшылық келгенше премьер-министр Мұхаммед Джалалидің бақылауына берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы көтерілісшілердің жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Джулани мәлімдеді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Әбу Мұхаммед әл-Джуланидің мұндай мәлімдемесі көтерілісшілер Башар Асад режимінің аяқталғанын жариялағаннан кейін биліктің тәртіппен ауысуын қамтамасыз етуге тырысып жатқанын көрсетеді.
Өзінің шын аты Ахмед әл-Шараа деп қол қойған Джулани мәлімдемесінде Дамаскідегі әскери күштердің үкіметтік ғимараттарға жақындауына және ауаға оқ атуға тыйым салынды.
Қыркүйек айында Асад премьер-министр етіп тағайындаған Джалали Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында көтерілісшілер жетекшісімен өтпелі кезең туралы сөйлескенін айтты.
Ол Сирияда еркін сайлау өткізу керектігін айтып, биліктің жалғасуын қолдауға дайын екенін білдірді.
Сирияның телекоммуникация министрі Эйяд әл-Хатиб Al Arabiya-ға берген сұхбатында онымен көтерілісшілердің БАҚ және коммуникацияларға жауапты өкілі хабарласқанын айтты. Хатибтің айтуынша, олар елдегі телекоммуникациялар мен интернеттің жұмысын жалғастыруға уағдаласқан.