6 желтоқсан күні Рудный қаласында автовокзал маңында автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, 7 желтоқсанда пәтерлердің бірінен 62 жастағы ер адамның денесі табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол ауыр жол апатына себеп болған жүргізуші. Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі ер адам асылып, өзіне қол жұмсағанын хабарлады.
Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған Ақтөбе облысында әскери комиссар өзіне қол жұмсағанын жазған едік.