Түркістан облысында көлік газ құбырына соғылып 7 мыңға тарта тұрғын газсыз қалды

Ғалиасқар Думан

Түркістан облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан газ құбырына зақым келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҚазақГазАймақ

МӘН-ЖАЙЫ

«QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның хабарлауынша, жеңіл көлік Түркістан облысы Сарыағаш қаласы Шымкент көшесіндегі газ құбырына соғылған. Автокөлік соққысы салдарынан газ құбыры екі жерден толықтай үзілып, 40-тан астам метр газ құбыры деформацияланған.

САЛДАРЫ

Жол апатының салдарынан 21 өнеркәсіптік кәсіпорын, 153 коммуналдық-тұрмыстық нысан, 6 821 жеке сектор абоненті газсыз қалған.

Зақымдалған газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары басталған.