Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Өскемен қаласының жаңа әкімі болып Алмат Ақышов тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Жаңа әкімге экологиялық мәселелерге және көшелерді жарықтандыруды жаңғыртуға назар аудара отырып, қаланы одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.
ЖАҢА ӘКІМ ЖАЙЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Ақышов Өскеменде туып-өскен. Бұрын туризм басқармасында және ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген. Соңғы екі жылда Күршім ауданын басқарған. Ол аймақтық даму магистрі дәрежесіне ие және президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еске сала кетейік, 27 қарашада Жақсылық Омар өзінің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін қала әкімі қызметінен кеткен еді. Ол 2018 жылдың тамыз айынан бастап осы қызметті атқарған.
ӨСКЕМЕН
Өскемен – елдің шығысындағы қала. Кейінгі кезде түтіп басып, қала тұрғындарының наразылығы үдеген. Ондағы ауаның ластану проблемалары жыл сайын күшейе түсуде. Зауыттар мен өнеркәсіптік қалдықтардың арасында өмір сүріп жатқан тұрғындар өткір иісті ауаға үйреніп кеткенімен, мұны қалыпты жағдай ретінде қабылдағысы келмейді.
Қоңыр тіршілік кешіп келе жатқан тұрғындарға уақыт белдеуіне қатысты өзгерістің өзі оңай соққан жоқ. Уақыт белдеуі өзгерген соң күн ертерек бататын болды. Қазір күннің батуы сағат төртте басталып, қалаға одан да ауыр атмосфера сыйлауда. Ulysmedia.kz бұған дейін оқиға орнынан егжей-тегжейлі мәліметтерді бөліскен еді.