Ұлттық геологиялық қызметтің төрағасы Ерлан Ғалиев Астанадағы брифингте екіұшты сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналистер неліктен жас қазақстандықтар геологиямен айналысқысы келмейтінін және салада кадр тапшылығы байқалатынын сұраған.
Ғалиев геолог "сексуальный" мамандық емес деп жауап берді. Оның айтуынша, геологтарды жұртшылық "сақал-шашы өсіп кеткен, қолында гитарасы бар ер адам" ретінде елестетеді.
– Геолог мамандығы, мен осындай оғаш эвфемизм үшін кешірім сұраймын, бірақ ол "несексуальный" мамандық.
Мысалы, ІТ-шникті, мықты заңгерді айтсаң адамдардың көзіне ақшасы, байлығы елестейді. "Геолог" деген сөзді естіген кезде көз алдыңызға қолында гитарасы бар, далада жүрген біреу елестейтін шығар, – деді ол.
Еске сала кетейік, Ұлттық геологиялық қызмет 2022 жылдың шілдесінде құрылған болатын. Ерлан Ғалиев өз қызметіне 2023 жылдың тамызында тағайындалған.