Атыраудағы үйлердің бірінің ауласынан еркек пен әйелдің денесі табылды

Қалижан Бектемір

Атырауда көпқабатты үйлердің арасынан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

КТК телеарнасының мәліметінше, жылу құбырында жатқан еркек пен әйелдің мәйітін сол маңдағы үйлердің тұрғындары байқаған. Куәгерлер дереу полицияға хабар беріпті.

Полиция өлі табылған екі адамның да жеке басын анықтады. Оның бірі — 42 жастағы әйел, екіншісі — 34 жастағы ер адам. Екеуінің де денесінде зорлық-зомбылық белгілері мен жарақат жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тәртіп сақшылары сот-медициналық сараптама тағайындады.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Атырау қаласы аумағында көп қабатты үйлердің артында жылу құбырынан табылған мүрделерге қатысты сараптама тағайындалған. Алдын ала ақпарат бойынша мүрделерде дене жарақаттары жоқ. Қазіргі уақытта кешенді тексеру  амалдары жүргізілуде, – деді Атырау облысы ПД инспекторы Дина Мақсотова.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің қай өңірінде туу мен өлім-жітім саны көп екені анықталғанын жазған едік.