Ирандық әнші Парасту Ахмади хиджабсыз онлайн-концерт өткізген. Сол үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Концерт Иранның дәстүрлі керуен сарайларының бірінде өткен. Ахмадидің ән салған сәті YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Алайда мұнысы билікке ұнамаған, өйткені бұл әрекеті Иранның әйелдерді хиджаб киюге міндеттейтін қатаң моральдық заңдарын бұзған, деп жазады Euronews.
Концерттің жазбасы интернетте кеңінен таралғаннан кейін әншінің үйіне тінту жүргізілген. Қауіпсіздік қызметкерлері оның заттарын тәркілеп, Ахмадидің өзі жауап алу үшін Тегеран қауіпсіздік прокуратурасына шақырылған.
Иранның сот органдары Ахмади мен оның командасына қарсы сот ісі басталғанын растады. Билік оның әрекеттерін белгіленген нормаларды тікелей бұзу ретінде қарастырады әрі тиісті шаралар қабылдамақ.
Иран парламенті киімге шектеулерді күшейтетін "пәктік пен хиджаб" туралы жаңа заң қабылдаған. Ол айыппұлдар мен басқа жаза тәртібін енгізеді.