Дикий Арман 20 жылға сотталуы мүмкін

Сырым Қаржас

Қаңтар оқиғасы бойынша елдегі ең ірі сот істерінің аяқталуға жақын қалды. Прокурорлар сонымен бірге ҰҚК-да жауапты қызметте болған Руслан Ысқақовты да ұзақ жылды соттауды сұраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші департаментінің бұрынғы бастығы, "Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық топ құрып басқарды", "билігін асыра пайдаланды", "адамды бостандығынан заңсыз айырды" деп сотталып жатқан Руслан Ысқақовты прокурорлар 15,5 жылға соттауды сұраған. Сондай-ақ, олар Арман Жұмагелдиевті 20 жылға соттауды өтініп отыр.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс «Дикий Арманмен» байланысы болған 15 адам ұсталғанын хабарлаған еді. 

Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау аяқталған

«Дикий Арман» лақап атымен танылған криминал авторитет Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталған. Сол жылы сәуірде кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталған болатын.