Арқалық қаласы прокурорының орынбасары әдеп нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Қостанай облысы прокуратурасының өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі Арқалық қаласы прокурорының орынбасарына тексеру жүргізді. Тергеу нәтижесінде әдеп нормаларын бұзғаны үшін қала прокурорының орынбасары қызметінен босатылды. Ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады.
2024 жылы 26 қарашадағы тексеру қорытындысы бойынша Кенжеғарин прокурор қызметінен босатылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Аталған қызметкер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Әдеп кодексінің 7-тармағының 1 және 6 тармақшаларының талаптарын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды. Ол азаматтардың дұрыс бағаламауынан қызметкердің өзінің де, тұтастай алғанда прокуратураның да беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қызметтегі мінез-құлқына қатысты қызметтен кетті, – деді Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов.
ПРОКУРОР НЕ ДЕЙДІ
Ведомство бұрынғы прокурордың нақты не үшін кінәлі болғаны туралы егжей-тегжейлі дерек айтпады. Сөзінше, ол қызметтік құпия санатында.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекетке заңсыз алынған 2 трлн теңге қайтарылғанын жазған болатынбыз.