Трамп сот арқылы ABC News телеарнасынан 15 миллион доллар өндіріп алды

Қалижан Бектемір

Сотқа жүгінуге тележүргізуші Джордж Стефанопулостың жалған мәлімдемесі себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: PETER ZAY / AFP

МӘН-ЖАЙЫ

2024 жылдың 10 наурызындағы сұхбатында ол Трамптың «зорлау үшін жауапты» деп табылғанын бірнеше рет айтқан.

Elle журналының шолушысы Элизабет Жан Кэрролл Трампты «зорлады» деп айыптаған. Ол бұл оқиға 1996 жылы Нью-Йорктегі әмбебап дүкендегі киім-кешек бөлмесінде болғанын айтқан. 

Істі азаматтық алқа билер соты қарады. Олар жыныстық зорлық-зомбылық үшін емес, Трампты жыныстық қудалау және жала жабу үшін «жауапты» деп шешті. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Енді ABC News «АҚШ-тың бұрынғы президенттері жасағандай, талапкердің өзі немесе талапкер үшін құрылатын президенттік қор мен мұражайға» 15 миллион доллар қайырымдылық жарнасын төлейді.

Сондай-ақ ABC News өз жүргізушісінің түсініктемесін жариялауға және 1 миллион доллар сот шығындарын төлеуге келісті. 

Еске салсақ, Трамптан шақырту алған Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин америкалық әріптесінің ұлықтау салтанатына қатыспауы әбден мүмкін екенін жазған едік.