Бүгін елімізде аяз күшейеді

Қалижан Бектемір

Синоптиктер 2024 жылғы 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Солтүстік циклон, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронттар салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады, – деп хабарлайды"Қазгидромет» РМК.

Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның беті қайтып, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс – желдің күшеюі, солтүстік-батыста боран, тұман, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында күн аяздап, 25-28 градус қатты суық болады деп күтіледі.