2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгені құрайды, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 240 теңгеге жоғары. Осыған байланысты айыппұлдардың да мөлшері өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жылдамдықты асыру:
Жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу:
5 АЕК немесе 19 660 теңге.
Жол белгілерін немесе жол сызықтарын елемеу:
3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы – 11 076 теңге).
Қызыл шамға өту немесе реттеушіге бағынбау:
Жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру:
15 АЕК немесе 58 980 теңге (2024 жылы – 55 380 теңге).
Тұрақ ережелерін бұзу:
Көлікті тоқтату талабын орындамау:
40 АЕК немесе 157 280 теңге (2024 жылы – 147 680 теңге). Қайталанған жағдайда жүргізуші куәлігінен айыру және 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаларға бұл үшін 60 АЕК немесе 235 920 теңге (2024 жылы – 221 520 теңге) айыппұл салынады.
Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау және рульде телефон пайдалану:
5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы – 18 460 теңге).
Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы:
2 АЕК немесе 7 864 теңге (2024 жылы – 7 384 теңге). Қайталанған жағдайда: 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).