Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ
Агенттік Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтаған.
– Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. 5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді, – делінген хабарламада.
СУДЬЯНЫҢ ҰСТАЛУЫ
Еске салсақ, бұған дейін Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин ұсталғанын жазған болатынбыз. Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған деген ақпарат тараған.