Tiktok-та Әнұранды ести сала ұйқысынан тұрып, гимнге құрмет көрсеткен 2 жасар қыздың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Түркістан» телеарнасының мәліметінше, Медина есімді бүлдіршін балабақшаға барады екен. Видеоны таңертең анасы түсірген көрінеді.
Желі қолданушылары кішкентай қыздың әрекетіне сүйсініп, оған жылы сөздерін жазып жатыр.
«Кейінгі ұрпақтарымыз осындай елін сүйер патриот болсын», «Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты қыз болады-ау», «Осындай ұрпақ көп болса, еліміздің болашағы жарқын», «Елім деп соққан жүрегіңнен», - деп жазып жатыр олар.
Еске салсақ, Tik-Tok АҚШ-та Apple және Google-дің қолданбалар дүкенінен жойылады.