Алматыда қоғам белсендісі прокуратура ғимаратында видео түсіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ҮШІН
Желіде прокуратурада видео түсірген белсенді Дамир Көшеев "қалалық прокуратура ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзғаны" үшін 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады
Белсенді Антон Князевке қатысты да осындай үкім шыққан. Белсенділердің айтуынша, Көшеев пен Князев прокуратура қызметкерінің жол ережесін бұзу фактілерін телефондарына түсіріп алған.
ПРОКУРАТУРА УӘЖІ
Оқиға 17 желтоқсан күні таңертең Алматы прокуратурасының азаматтарды қабылдау орталығында болған. Іс материалдарына сәйкес, Көшеев пен Князев телефон арқылы видео түсіріп жүрген. Прокурорлар белсенділер олардың жұмысына кедергі келтіргенін айтады. Ескертулерге қарамастан белсенділер түсірілімді тоқтатпағаны айтылған.
Сот Көшеевтің ескертулерден кейін де әрекетін жалғастырғанын ескеріп, оны 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.