Еуропа елдері атысты доғару немесе бейбіт келісім жасалған жағдайда Украинаға бітімгер күштерін жіберу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙЫ
Мәліметті Reuters агенттігі екі дереккөз ақпаратына сүйене отырып таратты. Франция президенті Эммануэль Макрон ұсынысымен басталған келіссөздер қазірдің өзінде осы мәселеде келіспеушілік көп екенін көрсетті, деп жазды агенттік.
Мұндай күш Ресеймен майданда бетпе-бет кездесу қаупін күшейтеді, әрі Украинаға көмек бергеннен кейін қару-жарақ қоры сарқылған еуропалық күштердің үлкен аумаққа шашыратып жібереді. Оның үстіне, еуропалық елдер АҚШ қолдауына әбден үйреніп қалған, бірақ енді АҚШ президенті қызметіне Дональд Трамп кіріседі.
ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ
Ал Трамп америкалық әскердің атысты доғаруды қамтамасыз ету ісіне қатыспайтынын айтып, мұндай миссияны Еуропа елдеріне тапсырған. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті 7 желтоқсанда Парижде Макронмен, Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер барысында осылай деген. Сарапшылар Украинадағы бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін 40 мыңнан бастап 100 мыңға дейін жауынгер керек дегенді алға тартып отыр. Мәселен, 1990-жылдары Еуропа, АҚШ және басқа да одақтастар Боснияға 60 мыңға жуық, Косовоға 50 мың жауынгер жіберген.