Солтүстік Қазақстанда көпір опырылып, жүк көлігі өзенге құлап кетті

Қалижан Бектемір

Солтүстік Қазақстанның Ғабит Мүсірепов ауданында екі ауылды жалғайтын көпір опырылып түсіп, жүк көлігі өзенге құлады, деп хабарлайды Ulysmedis.kz.

Фото: видеодан скрин

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға болған жерде түсірілген видео жергілікті skopetro Instagram-паблигінде жарияланды.

Ролик авторының хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні Ғабит Мүсірепов ауданында болған.

Видеодан жүк көлігінің суда жатқанын анық көруге болады. Жергілікті аудан әкімдігі осы жазба астына мәлімет жариялады.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР МА?

18 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда "Shaсman" автокөлігі жолды қысқарту мақсатында қолдан құрастырылған осы өткелмен өткен. Өткел Бірлік және Нежинка ауылдарының арасныда орналасқан, бірақ ресми түрде автожолға жатпайды. Өткел ауыр салмақты көтере алмай, соның салдарынан жүк көлігі аударылып түскен. Ешкім зардап шекпеді", - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Мәліметке қарағанда, сол маңда жүк көлігін өзеннен шығаруға талпынып жатыр. Одан соң өткелді жөндеу жұмыстары басталады. Бұған қоса, әкімшілік мәліметінше, көпір құрылысы жобасы дайындалды. Қазір ол мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.