Жамбыл облысында жер сілкінді

Қалижан Бектемір

Бүгін, 18 желтоқсанда Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның ұлттық деректер орталығының ақпаратқа сәйкес, 18 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 18:11-де (GMT 13:23) Тараздан батысқа қарай шамамен 108 шақырым қашықтықта жер сілкінді.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік - 42,82 градус, шығыс бойлық - 70,22 градус.

Магнитудасы - 3,6. Энергетикалық класы - 8,5. Тереңдігі - 8 шақырым.

Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салсақ, 16 желтоқсанда Алматы облысында түнде жер сілкінісі тіркелген болатын.