Астананың ауданаралық соты ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау жөнінде қаралған істің шешімін шығарды. Мектептердің бірінің директоры бұрынғы өзімен бірге еңбек еткен мұғаліммен соттасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДАУ НЕДЕН ШЫҚТЫ
Жұмыстан шығарылғаннан кейін бұрынғы педагог Facebook әлеуметтік желісінде мектеп директорын әрекетсіздік жасады деп айыптап, жазба жариялаған. Жазбада ол директордың оқушыларға орынсыз әрекеттер жасаған үйірме оқытушысына шара қолданбағанын келтірген. Пост авторы директордың әрекеті заңдарды бұзады деп мәлімдеген.
СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ
Істі қарау барысында филологиялық-психологиялық зерттеу жүргізілген. Ол жазбада талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жағымсыз сөздер бар екенін расталған.
Азаматтық кодекстің 141 және 143-бабының нормаларына сәйкес, жауапкер өз мәлімдемесінің дұрыстығын дәлелдеуі тиіс, алайда сотқа ондай дәлелдемелер ұсынылмаған.
СОТ ШЕШІМІ
Сот жазбада жарияланған мәліметтерді қате және директордың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірілді деген шешім шығарды. Жауапкерді:
даулы жазбаны жоюға;
теріске шығаруды жариялау және өз аккаунтында кешірім сұрауға.
Сонымен қатар, бұрынғы оқытушы келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге, сондай-ақ сот шығындарын өтеуге міндетті.
Сот шешімі заңды күшіне енген.