«Қызына көмектескен»: Перизат Қайраттың анасы да күдікке ілінді – БАҚ

Сырым Қаржас

Волонтер Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева қызымен бірге күдікке ілінді. Ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Тергеу органдары анасы қызына қайырымдылық қоры жинаған ақшаны қолма-қол етуге көмектескен деп есептейді. 

Бұған дейін Курсив басылымы Перизат әлеуметтік желіде араб елдеріне ет жеткізетін компаниясы бар екенін жазған. Алайда анасының атында етке байланысты компания тіркелмеген.

Ulysmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігінен осы ақпараттың мән-жайын сұрап, сауал жолдаған. “Біз бұл ақпаратты ресми түрде берген жоқпыз” деген жауап келді.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТТЫҢ ІСІ

Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.

Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.