Германияның Магдебург қаласындағы Рождестволық жәрмеңкеде жиналған жұртты ер адам көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаққан жүргізуші қолға түскен. Соңғы ақпараттар бойынша екі адам қаза тауып, 70-ке жуық адам жарақат алған.
Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
«Екі адам қаза тауып, 15 жәбірленуші – ауыр, 37 жәбірленуші – орташа ауыр, 16 жәбірленуші жеңіл жарақат алды», - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.
Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, зардап шеккендер саны бастапқыда 60 пен 80 адам арасында болған.
Полицияның мәліметінше, көлікті 50 жастағы Сауд Арабиясының азаматы басқарған, ол жалғыз өзі әрекет еткен. Сондай-ақ күдіктінің Сауд Арабиясында терроризм және адам саудасы сияқты ауыр айыптар бойынша іздеуде жүргені белгілі болды.