Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды

Ғалиасқар Думан

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігін де басқаратын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын”, делінген Ақорданың ресми ақпаратында.

Оның кандидатурасын Мәжілістің тиісті комитеті мақұлдады.

Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарып, сауда, ауыл шаруашылығы және т.б. мәселелерге жетекшілік етті.

2022-2023 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі, 2020-2022 жылдары Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарды. Бұған дейін ол Еуразиялық экономикалық алқаның мүшесі және ЕАЭО бәсекелестікті дамыту министрі болған.

Еске сала кетсек, бүгін Президент Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатқан еді.