Алматыда 80-нен астам адамды алдаған алаяқ Ресейде ұсталды

Ғалиасқар Думан

Бас прокуратура Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

polisia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2005-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы құрылыс компаниясында бухгалтер болып жұмыс істей отырып, үлестік құрылысқа қатысушылардан ақша қабылдауды жүзеге асырған, тұрғын үй кешенінің аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша кіріс кассалық ордерлеріне бухгалтерлік есепте көрсетілмеген жалған түбіртектер жазған.

80 АДАМ ЗАРДАП ШЕККЕН

Оның және қылмыстың басқа да қатысушыларының әрекеттері салдарынан Алматы қаласының 80-нен астам тұрғыны зардап шеккен, оларға 3,7 млрд теңгеден астам шығын келтірілді. 

Қылмысқа қатысушылардың бірі сотталған, алайда ол қылмыс жасағаннан кейін қашып жүрген, оған халықаралық іздеу жарияланды.

ЭКСТРАДИЦИЯ

Өткен жылдың желтоқсан айында іздеуде жүрген адам Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. 

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Айыптаған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.