Алматыда айдауыл жасағынан сытылып қашып кеткен тұтқын ұсталды

Сырым Қаржас

4 желтоқсанда Алматыда айдауылдан қашып кеткен сотталушы Алматы облысының аумағында ұсталды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы облысының аумағында криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген азамат Әубәкірді ұстады, ол айдауыл көлігінен қашып кеткен болатын, - деп хабарлады ПД.

Тұтқынның қашу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Қашқаннан кейін полиция іздеуде жүрген адамның тегі мен белгілерін жариялаған. 28 жастағы күдікті басқа біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған. Полиция сотталушының қашып кетуіне жол берген кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды.