"Жайдарманның" бұрынғы басшысы Есен Елеукеннің анасы өмірден озды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Есен Елеукен анасымен түскен суретін жариялап, "Қош бол, анашым" деген жазды.
“Жайдарман” жобасының атқарушы директоры болған Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалып, өз орына Жанасыл Болатбектің тағайындалғанын хабарлаған еді.
25 жылдық тарихы бар Жайдарман жобасы бүгінде миллиондаған аудитория жинайтын, жастардың креатив платформаларының біріне айналған.
Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдігі бар, оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда 10 000-нан астам шара ұйымдастырып үлгерген.