Украина 10 миллионға жуық босқынын Еуропа одағынан қайтаруға ниетті

Сырым Қаржас

Украина билігі соғыс басталғаннан кейін Отанынан кеткен азаматтарын қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы УНИАНҒА сілтеме жасай отырып.

Anna Moneymaker / Getty Images

Қазір 6-дан 10 миллионға дейін украиндар шетелде жүр. Билік азаматтарды Украинаға қайтармақ ниетте. Атап айтқанда, босқындарға көмек көрсетуді тоқтатып, соғысқа жарамды ер адамдарға консулдық қызметтерді жабу сияқты әдістерді пайдаланбақ.

El Pais газеті бұл мәселені шешу үшін Украинада ұлттық бірлік министрлігі құрылып, бірінші оқылымда осы уақытқа дейін тыйым салынған қос азаматтықты мойындауды мақұлдағанын жазады.

Біріккен Ұлттар ұйымының зерттеуі бұған дейін украиналық босқындардың 61% әлі де үйге оралғысы келетінін, бірақ жағдай жақсарған кезде ғана ол мүмкін екенін атап өткен. Украина үкіметі "демографиялық стратегияда" 1,3 миллионнан 3,3 миллионға дейін адам оралмауы мүмкін екенін мойындайды.

СОҒЫС  

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина халқы соғыс қимылдарына байланысты 10 миллион адамға азайғаны хабарланған болатын. 

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, соғыс қимылдары 11 973 бейбіт тұрғынның өмірін қиған. Сондай-ақ, елде туу коэффициенті бір әйелге бір баланың деңгейіне дейін төмендеген. Бұл Еуропадағы ең төменгі көрсеткіш БҰҰ қорында халық санағын жедел жүргізуді ұсынды. Олар мұқият демографиялық талдау жағдайды түзетудің ұзақ мерзімді стратегиясын таңдауға көмектеседі деп сендіреді.