Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тағы да жанкүйерлердің жүрегін жаулады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол сахна сыртында ұлы, әнші Әли Оқаповтың әнін орындап, жігерлене би биледі. Желіде осы сәттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды отандық БАҚ.
Видеоны продюсер Алмабек Рахметов әлеуметтік желіде бөлісіп, оған мынадай жазба қалдырды:
«Анасы мен оның ұлы. Халық әртісі өз кезегін күтіп отыр».
Видео лезде-ақ тарап, көп қаралым жинады. Желі қолданушыларының көптеген жылы пікірін туғынды.