Есін біледі, сұраққа жауап беріп жатыр – Семейде биіктен құлаған денсаулығы қалай

Аян Өрібай

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева Семейде шыршаны безендіру кезінде құлап кеткен мұғалім Қуат Айтқалиевтің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҒДАЙЫ

– Денсаулық күйінің динамикасы жақсарып келеді. Ол есін біледі, медициналық көмек алып жатыр. Науқасқа жарақат алған күні хирургиялық ем жүргізілген, бірақ бүгінгі таңда реанимацияда емес. Ол ем алып жатыр, – дейді ол.

Ол қалыпты жағдайға орала ала ма? Сабақ бере ала ма деген сұраққа департамент директоры болашақта оңалтудан өтетінін айтады.

– Жағдайына қарай ол сол жерде болады (көрінеді). Жабық бас ми жарақатын алған. Бүгін операциядан кейінгі төртінші күн, ол есін жиды, барлық сұрақтарға жауап берді. Оңалуы ағзасына байланысты. Жарақат күрделі. Қалпына келтіру процесі уақытты қажет етеді, – дейді Сәрсенбаева.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Семейде жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлап, зардап шеккенін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлаған еді. Министр өзінің Facebook парақшасында жазба жазып, елдің заңнамасын сақтау керектігін ескертті. Сондай-ақ Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және олардың осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі екенін атап өтті. Министр педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп мәлімдеді.

Оқиға жайлы депутат Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, облыс басшылығы бұл жағдайды мұқият тергеп, жауапты тұлғаларды жазалауы керектігін жазды.

Биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалиев №49 мектепте жұмыс істейді. Мұғалім Семейде тұрады. Қаладағы Шәкәрім университетін бітірген.