Ақтаудағы ұшақ апаты: әуе кемесінің қара жәшігі табылды

Ғалиасқар Думан

Ақтау қаласының маңында Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған жерден қара жәшік табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

REUTERS/Azamat Sarsenbayev

Бұл туралы сәрсенбіде өткен брифингте Қазақстанның бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов мәлім етті.

«Қара жәшік табылып, айғақтарға қосылды», - деді Сүлейменов.

Төтенше жағдай орнында жұмыс істеп жатқан жедел штаб табылған дыбыс жазу құрылғысының жағдайы қанағаттанарлық екенін растады.

«Сырттай қарағанда ол қанағаттанарлық жағдайда және зерттеуге жарамды», - деді штаб өкілі.

Қара жәшік деректерін оқу қайғылы жағдайдың себептерін анықтауға көмектесуі мүмкін.

Еске с ала кетсек, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.

Желтоқсанның 25-і күні Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады.