Ең жасы 19-да: Әзербайжан ұшақ апатынан опат болған 25 азаматының есімін жариялады

Сырым Қаржас

Әзербайжан Ақтау маңында Embraer 190 ұшағының апатынан қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Тізімді Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігі таратты.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.