Қаңтар оқиғасы бойынша сот: Марқұм археологтың денесінен 10 оқ жарақаты анықталған

Ғалиасқар Думан

2024 жылдың 26 желтоқсанында Алматы гарнизонының әскери сотында Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан археолог Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың мәйіттерін зерттеген сот-медициналық сарапшылардың есептері тыңдалды. Екеуі де 2022 жылғы 6 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында атылған. Бұл іс бойынша айыпталушы әскери қызметкер Айтжан Әубәкіров, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы vlast.kz басылымына сілтеме жасап.

 

Коллаж Ulysmedia.kz

Сот медициналық сарапшы Әсем Мұхаметкәрімова зерттеу барысында 35 жастағы Әуез Қапсаланов төрт оқ жарақатын алғанын және олар әртүрлі органдарға тигенін айтты.

«Оң қолында оқ тиген жара, арқасында екі, аяғында бір жарақат бар. Қол мен іштің оң жағындағы жарақат бір оқтан болған – оқ өте жақын өткен. Оқтар жақын емес қашықтықтан атылған, бірақ нақты қашықтықты анықтау мүмкін болмады», – деді ол.

Мұхаметкәрімова Қапсалановтың киімінен оқтың кірген жерлерін анықтауға болатынын, бірақ Жағыпаровтың киімінің қатпарларының себебінен қиындық туындағанын атап өтті.

«Жағыпаровтың денесінде 13 оқ жарақаты анықталды, бірақ бұл нақты емес, өйткені кейбірі тура оқ атуға байланысты емес», – деді сарапшы.

Сонымен қатар, Жағыпаровтың денесінде автоматтың дүбінен алған соққының іздері табылған.

Жағыпаровтың денесін зерттеген Ержан Қасымбеков қаза тапқан адам алдымен тұрғанда жарақат алғанын, кейін жатқан күйде жарақаттанғанын айтты. Сарапшы 10 оқ жарақатын тіркеген.

«10 оқ жарақаты, оның ішінде кіретін, жанама, шығатын және тұйық жарақаттар бар. Оныншы оқ денеде қалды. Үш тұйық жарақат – бұл оқтар денеде қалған. Құрайтын жарақаттар – оқ кіріп, шыққан», – деп түсіндірді Қасымбеков.

Сондай-ақ сарапшы Жағыпаровтың денесінде аузында, кеуде қуысында, арқасында, қолтықта, білек, жамбаста, тізеде және иықта бірнеше жарақат пен көгеру іздері болғанын атап өтті.

«Барлық жарақаттар тірі кезінде саллынған», – деді ол.

Ерлан Жағыпаровпен Әуез Қапсалановты ату оқиғасына қатысты іс 18 желтоқсан күні Алматы гарнизонының әскери сотында басталған. Күдікті Ұлттық гвардияның 5571 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары Айтжан Әубәкіров, ол «қызметін асыра пайдалану» бойынша айыпталуда.

Ерлан Жағыпаров – белгілі «петроглифтер аңшысы», көне тас жазбаларды іздейтін экспедицияларға барған. 2022 жылдың қаңтар айында оны туыстары мен достары іздей бастаған. Ал 12 қаңтарда туыстары оның мәйітін мәйітханаға тапсырғаны туралы хабар алған. Бауыры Нұрлан Жағыпаровтың айтуынша, Ерланды ол мәйітхананың дәлізінде кісенделген, қатты соққыға жығылып, жүрекке оқ тиген күйінде тапқан. Ерлан Жағыпаров 49 жаста болған.