ШҚО тауларында жарылыс: ТЖМ екі мың текше метр қарды тау етегіне түсірді

Ғалиасқар Думан

Шығыс Қазақстан облысында жарылыстардың көмегімен таудан 2 мың текше метрден астам қар төменге түсірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының қызметкерлері және ШҚО ТЖД құтқарушылары "Горная Ульбинка-Северное" учаскесінде қар көшкіндерін алдын ала түсірді.

"Осы күндері қар шоғырларында қар жеткілікті жиналды. Қажеттілік қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу үшін туындады. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін 3 алдын ала жарылыс жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 2090 текше қар түсірілді. Мұндай шаралар осы аймақта күн сайын өтетін маршруттың және жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті", деп атап өтті “Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.

Қыс мезгілі басталғаннан бері өңірде 14 жарылыс жұмыстары жүргізіліп, 6650 шаршы метр қар түсіріліпті.

ШҚО ТЖД және ШҚ "Қазселденқорғау" филиалының құтқарушылары тұрғындарға төмендегі жайттарды ескертеді:

  • Таулы аймаққа бара жатқанда ауа-райы болжамын ескеріңіз.
  • Тауларға қар жауғанда, боран мен дауылды жел кезінде шығуға болмайды.
  • Ауа-райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады.
  • Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз