Azerbaijan Airlines ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 12 млн теңгеден төлейді

Сырым Қаржас

Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 12 млн теңгеден астам ақшадан төлейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

КӨМЕК ЖАЙЛЫ

– "Әзербайжан әуе компаниялары" АҚ бақылау кеңесінің шешіміне сәйкес, Баку – Грозный рейсін орындаған Embraer 190 ұшағының әрбір жолаушысына 20 000 Манат (6 млн теңге) және әрбір қаза тапқан адамның отбасыларына 40 000 Манат (12 млн теңге) мөлшерінде өтемақы белгіленді, – делінген әуе компаниясының ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, барлық жолаушылар Әзербайжан заңнамасына және халықаралық тәжірибеге сәйкес қолданылатын тиісті сақтандыру төлемін алады, деп атап өтті Azerbaijan Airlines.

Ақтаудағы брифингте еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмади Сарбасов ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына қалай көмек көрсетілетінін айтқан еді.

– Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Мөлшері анықталады. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келер болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлем беріледі <...> Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісі бойынша – 257 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі, – деді Ақмәди Сарбасов.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 5 млн теңге көлемінде біржолғы көмек қарастырылғанын мәлімдеген еді.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.