Оңтүстік Корея барлау қызметі украиналық әскерилер Ресей жағында Украинаға қарсы соғысқа қатысқан солтүстіккореялық сарбазды тұтқындағанын растағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Серіктес елдің барлау қызметімен нақты уақыттағы ақпарат алмасу арқылы жараланған бір солтүстіккореялық сарбаз тұтқындалғаны расталды», – делінген Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметінің (NIS) AFP агенттігі келтірген мәлімдемесінде.
Тұтқынға түскен болуы мүмкін сарбаздың фотосуреті бұрын әлеуметтік желілерде пайда болған, бірақ украин билігі бұл ақпаратты ресми түрде түсіндірмеген.
AFP агенттігіне Солтүстік Кореяның барлау қызметіндегі дереккөз украин армиясы сарбазды тұтқындағанын растаған, бірақ оқиға нақты қай жерде болғаны белгісіз екенін айтқан.
Дүйсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының жағында Курск облысында соғысып жатқан солтүстіккореялықтардың арасында қаза тапқандар мен жараланғандардың саны үш мыңнан асқанын мәлімдеген.
Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәліметінше, КХДР сарбаздарының шығыны шамамен 1100 адамды құрайды (олардың ішінде 100-ге жуығы қаза тапқан). Сондай-ақ Сеул Пхеньян Ресейге қосымша әскер жіберуге және жаңа қару партияларын жеткізуге дайындалып жатқаны айтылды.