«Путиннің Әзірбайжандағы жанкүйерлерінің Ресейден көңілі қалды» – Мустафаев

Сырым Қаржас

Ресейдің Әзірбайжандағы абырой-беделін жоғалту қаупі туды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz әзербайжандық Minval Politika басылымына сілтеме жасап.

Minval Politika

“Бакудің Мәскеумен қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдауы екіталай, бірақ ұшақ апаты екіжақты байланыстарға сөзсіз әсер етеді”, деді Minval Politika басылымының бас редакторы Эмиль Мұстафаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында.

Ол Ресейдің Әзірбайжандағы беделінің соңғы сарқыншақтарын жоғалту қаупі бар екенін атап өтті.

«Тіпті бұған дейін Путинді қолдағандар да бүгін Ресейдің шындықты жасырып, қайғылы оқиғаның жауапкершілігінен жалтарған әрекеті үшін жиіркенішпен қарай бастады», деді Мұстафаев.

Журналист Ресейдің мұндай әрекеті Әзірбайжан жұртшылығының наразылығын арттыратынын айтты.