АҚШ-тың сайлауда жеңген президенті Дональд Трамп қазіргі мемлекет басшысы Джо Байденге қатты сын айтып, оны ел тарихындағы ең нашар президент деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Трамп өзінің Тruth social платформасында жазды.
"Джо Байден - Америка тарихындағы ең нашар президент, толық және абсолютті апатқа жеткізді. Ол және оның сайлауға араласқан "бұзақылар" тобы біздің елге не істегені жақын арада ұмытылмайды!” - деді Трамп өз жазбасында.
Саясаткер Байденнің көші-қон саясатына ерекше назар аударды. Трамптың айтуынша, оның жұмсақтығы зорлық-зомбылық қылмыстарының, соның ішінде радикалды Ислам терроризмінің көріністерінің ушығуына әкелді.
"Жағдайдың ушыққаны болғаны сонша, оған сену қиын", – деп атап өтті ол.