Қаралы хабар туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Біздің досымыз, әріптесіміз, біздің партияның негізін қалаушылардың бірі Сұлтанбек Сұлтанғалиев өмірден озды. Ол ұзақ уақыт ауырды. Алғашқы инсульттан кейін сол күйі қалпына келе алмады», - деп жазды Айқын Қоңыров.
Постқа пікір қалдырған адамдар марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып жатыр.