"Тұман, көктайғақ, бұрқасын". 4 қаңтарда ауа райы қандай болады

Ulysmedia

Синоптиктер 4 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жасанды интеллект/Ulysmedia

4-6 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 05 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 4-05 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 4-6 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

4 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 4 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

4 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 4 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 қаңтарда таңертең және күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Атырау қаласында 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

4 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с күтіледі.

4 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 4 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

4 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с.

4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

4 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

4 қаңтарда Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

4 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жезқазған қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Астана қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

4 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Алматы қаласында 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қаласында 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

4 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында 4 қаңтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

4 қаңтарда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі Түркістан қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

4 қаңтарда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.