Германия ішкі істер министрлігі сириялық босқындарды өз отанына қайтаруға ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІІМ басшысы Нэнси Фрейзер Сириядағы жағдай тұрақталғанын, сондықтан Германия баспана беру туралы шешімдерді қайта қарайтынын атап өтті.
«Бұл тұруға құқығы жоқ және Сирияға өз еркімен оралмайтындарға қатысты. Неміс тілін үйреніп, Германияда ресми түрде жұмыс істейтін және оқитын Сирия азаматтарына бұл әсер етпейді. Олар жіберілмейді», - деп түсіндірді Фезер.
Шетелдік орталық тізімінің мәліметтері бойынша Германияда Сирия азаматтығы бар 974 136 адам тұрады.
ЖАҢА БИЛІК
Сирияның жаңа басшысы болған Ахмед аш-Шара жақында берген сұхбатында ел соғыстан шаршағанын және көршілес немесе батыс мемлекеттеріне қауіп төндірмейтінін айтты. Сондай-ақ ол Сирияға қарсы санкцияларды алып тастауға шақырды. Әл-Шара мен оның жақтастары екі аптаға жетпей Башар Асад режимін құлатты.
СИРИЯ
Желтоқсанның 8-іне қараған түні Дамаскіге үкіметке қарсы содырлар кіріп, Башар Асадтың биліктен кеткенін жариялады. Осыдан кейін Сирия аумағы бірнеше топтың билігіне өтті.